Басты

Аққайың аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сайтына кіргендеріңізге өте қуаныштымыз!

Бөлiм сыртқы және iшкi саясатты iске асыру, ұлтаралық қатынастарды, саяси партиялармен және қозғалыстармен, қоғамдық және дiни ұйымдармен, ұлттық мәдени орталықтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыстырып жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

Тұрақты даму барған сайын қазiргi әлемдегi қоғамдық процестердiң ұтымды жүруiнiң негiзгi өлшемiне айналып келедi. Ал тұрақты дамудың шарттарының бiрi — ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көпұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмiр сүруiне, ұлтаралық бейбiтшiлiк пен келiсiмнiң сақталуына тiл саясаты ықпал етуге тиiс. Қазақстан халқының тiлдерiн дамытудың стратегиясы үш негiзгi мақсатты айқындайды: мемлекеттiк тiлдiң әлеуметтiк-коммуникативтiк қызметiн кеңейту мен нығайту; орыс тiлiнiң жалпы мәдени қызметiн сақтау; этникалық топтардың тiлдерiн дамыту. Бәсекеге қабiлеттi кеңiстiктi, мемлекеттiк тiлдiң дамуы үшiн шарттарды қалыптастыру бiздiң елiмiздiң құқықтық, демократиялық және әлеуметтiк мемлекетретiнде нығаюының және одан әрi дамуының стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Ауданда мемлекеттiк тiлдi қолдау және дамыту бойынша жүйелi шаралар жүргiзiледi.

Халық шығармашылығы және көркемөнерпаздықты дамыту iске асырылады.

Бiздiң сайтымызға кiрiп, ауданның iшке саясат,мәдениет және тiлдердi дамыту саласының жұмысы бойынша өзiңiзге қажеттi және пайдалы ақпаратты тауып алатындарыңызға сенемiз.

Бiздiң сайтымызға қош келдiңiз!

Мақаланы құрған күні 30.01.2018 18:30

Мақаланы жаңартқан күні 03.06.2021 12:33

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz